Бадр әд-Дин әл-Фараби

Бадр әд-Дин әл-Фараби, Бадр әд-Дин бин Нұр әд-Дин бин Айюб бин Ибраһим әл-Фараби (14 ғасырдың 50-жылдары, Фараб қаласы – 15 ғасырдың басы, сонда) – хұснихатшы. Отырар медреселерінің бірінде, одан кейін Бұхара мен Самарқандта білім алған. Иранның Герат шаһарындағы Әмір Фируз шаһ деген кісінің медресесінде ұстаздық еткен. Гератта қызмет еткен жылдары көркем жазу өнерін жете меңгерген. Біздің заманымызға ол көшірген Фахр әд-Дин аш-Ширазидің (14 ғасыр) «Шахр әл Бурда ли-л-Бусири» атты шығармасы жеткен. Бадр әд-Дин әл-Фараби қағазға түсірген Мысыр ақыны Шараф әд-Дин Мұхаммед бин Сайид әл-Бусиридің (1222 – 96) Мұхаммед пайғамбарға арналған «әл-Бурда» («Шапан») атты 162 бәйіттен тұратын дастанына Фахр әд-Дин аш-Ширази жазған «Түсіндірмесі» («Шарх») Ресей Ғылым Академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.[1][2]

Дереккөздер

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы.«Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2



Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!