Бадминтон

Бадминтон

Бадминтонволанмен және ракеткамен ойналатын спорт түрі. Бадминтон ойналатын алаңның ұзындығы 13,4 м, ені 6,1 м, дәл ортасынан қақ бөліп тұратын торының биіктігі 1,55 м. Бадминтон ойыны алғаш Үндістанда пайда болып, 19 ғасырдың 2-жартысында Ұлыбританияға ауысты. 1872 жылы Бадминтон қаласында (аты осыдан шыққан) алғашқы жарыс ұйымдастырылды. 1934 жылы құрылған Халықаралық бадминтон федерациясына қазір сексеннен астам ел (1997) мүше. 1968 жылдан бастап Еуропа, ал 1997 жылдан дүние жүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Олимпиада ойындары бағдарламасына 1992 жылы енгізілген. Қазақстанда бадминтон спорты 1964 жылдан дами бастады. [1]

Дереккөздер

  1. Балалар Энциклопедиясы, II- том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!