Басқа мағыналар үшін Ақтас деген бетті қараңыз.
Ақтас (2004 ж. дейін – Трудовое)[1] — Ақмола облысы Біржан сал ауданы, Еңбекшілдер ауылдық округі құрамындағы ауыл. Іргесі 1970 жылы қаланған.
Географиялық орны
Аудан орталығы — Степняк қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 48 км-дей жерде, Атансор көлінің солтүстігінде орналасқан.
Халқы
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 |
2009 |
2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Ерлер 2009 |
Ерлер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен |
Әйелдер 2009 |
Әйелдер 2021 |
2021 2009-ға пайызбен
|
555 |
▼444 |
▼269 |
60,6 |
220 |
▼135 |
61,4 |
224 |
▼134 |
59,8
|
Кәсіпорындары
Ақтаста «Кеңащы Агрофирмасы», «Еңбек-Нан» ЖШС-тері, Еңбекшілдер т.ж. ст. мен «Өркен Атансор» ЖШС цехы, «Кенащы А.Ф» ЖШС-нің наубайханасы бар. Ауыл арқылы Көкшетау — Уәлиханов автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер