Ағылшын тілді әлем (ағылш.English-speaking world) — әлемнің ағылшын тілінде сөйлейтін халқы. 2000-шы жылдардағы мәліметтер бойынша әлем халқының екі миллиардтан астамы ағылшын тілін қандай да бір деңгейде меңгерген және осы тілде сөйлей алады.[1][2] Бұл көрсеткіш ағылшын тілін әлемдегі ең ірі, кең таралған және маңызды тіл етеді. Ағылшын тілі сондай-ақ, әлемдегі сөйлеушілер саны бойынша бірінші, ал ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдар саны бойынша үшінші орында. Ағылшын тілі ана тілі болып табылатын адамдардың ең көп мөлшерін 67 және 330 миллион халқы бар Ұлыбритания мен АҚШ иеленеді. Сонымен қатар, ағылшын тілі Канадада 29 миллион, Аустралияда 25.7 миллион, Жаңа Зеландияда 5 миллион және Ирландияда 5 миллион адамға ана тілі болып табылады.
Ұлыбританияның ресми тілі — ағылшын тілі.[3][4] Ұлыбритания ағылшын тілінің және көне ағылшын тілінің отаны болып табылады. Ағылшын тілі Британ империясының арқасында әлемге жайылып, халықаралық бизнес пен экономиканың басты тіліне айналды.[5] 2011 жылғы санақ бойынша 3 жастан асқан Ұлыбритания халқының 59.8 миллионы (98%) ағылшын тілін біледі.[6][7][8][9][10]
АҚШ
АҚШ халық санағы бюросының мәліметінше Америка Құрама Штаттарындағы ең кең таралған ана тіл — ағылшын тілі. 2009 жылы бұл тілді ана тілі ретінде 5 жастан асқан 228.7 миллион (80 %) америкалықтар білген.[11]АҚШ-та ағылшын тілі мемлекеттік тіл болып саналмағанымен, ағылшын тілі кеңінен таралған және ресми тіл болып саналады. Сондай-ақ, АҚШ-тың 50 штаттарының 32-де ағылшын тілі ресми тіл ретінде бекітілген.[12][13]
Канада
Канаданың ресми тілдері ағылшын мен француз болғанымен, канадалықтардың 57.8 пайызына ағылшын тілі ана тілі болып есептеледі. Сондай-ақ, халықтың 67.5 пайызы тек ағылшын тілін біледі, 13.3 пайызы тек француз тілін біледі, ал 17.7 пайызы екі тілді де біледі. Канаданың 10 провинциясының 9-да ағылшын тілі ресми тіл ретінде бекітілген. Тек Квебек провинциясында ғана ресми тіл ретінде ағылшын тілі бекітілмеген.
Аустралия
Аустралияның ресми тілі — ағылшын тілі. Аустралия халқының 16.5 миллионы ағылшын тілінде сөйлейді.
Жаңа Зеландия
Жаңа Зеландияның ресми тілі — ағылшын тілі. Жаңа Зеландия халқының 96 пайызы ағылшын тілін біледі және қолданады. Ол сондай-ақ, кітаптарда, газеттерде, журналдарда және кино мен телевидениеде қолданылады.
Қазақстан
Ағылшын тілі Қазақстанның ресми тілі болып саналмайды. Кино мен телевидениеде де, ақпарат құралдарында да, кітаптар мен газеттерде де қолданылмайды. Қазақстан халқының көп бөлігі ағылшын тілін меңгермеген. Дегенмен, Қазақстанда ағылшын тілінің маңызы мен сұранысы жоғары.[14] Қазақстан халқының арасында ағылшын тілін меңгеру белең алуда. Мысалы, 1991 жылы ел халқының тек 2 пайызы ғана ағылшын тілін білсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 11.6 пайызға дейін өсті, ал 2017 жылы 23.7 пайыздан асты.[15] Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев құрған "Үш тілді жоба" атты бағдарлама жұмыс істеуде. Қазақстанның әр мектептерінде, колледждерінде және жоғарғы оқу орындарында ағылшын тілі қазақ және орыс тілдерімен қатар пән ретінде оқытылады.
↑Melitz, JacquesАғылшын тілі(ағыл.). Centre for Economic Policy Research (1999). Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 мамыр 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 26 мамыр 2006.
↑According to the 2011 census, 53,098,301 people in England and Wales, 5,044,683 people in Scotland, and 1,681,210 people in Northern Ireland can speak English "well" or "very well"; totalling 59,824,194. Therefore, out of the 60,815,385 residents of the UK over the age of three, 98% claim they can speak English "well" or "very well".
↑United Kingdom. Languages Across Europe. BBC. Тексерілді, 21 қараша 2013.
↑Scotland's Census 2011 – Proficiency in English, All people aged 3 and over.
↑Northern Ireland Census 2011 – Main language and Proficiency in English, All usual residents aged 3 and over.