Ағылшын-американ соғысы (1812–1815). Англия Солтүстік Америкадағы бұрынғы отар елдеріде өз позициясын қалпына келтіруге ұмтылды. Ал АҚШ Канаданы өзіне қосып алғысы келді. Соғыста американ армиясы бірсыпыра жеңіліске ұшырады, Канадаға басып кіре алмады. 1814 жылы 24 тамызда ағылшындар АҚШ-тың астанасы Вашингтонды басып алып, қаланың көп жерін өртеп жіберді. Алайда американ армиясы мен флоты ағылшындарға бірқатар соққы бере алды. 1814 жылы 24 желтоқсанда Гентте қол қойылған бітім шартына сәйкес АҚШ соғыстан бұрынғы шекараларын сақтап қалды. 8 ақпан 1815 жылы Жаңа Орлеанға Генттегі бітім туралы хабар жетпегендіктен шайқас болып, ағылшындар 2 мыңнаң астам адамнан айрылып қашумен құтылды. Бұл соғыстың соңғы шайқасы болды.[1]
Дереккөздер
↑“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!