Ахмет Халпе Ғұбайдолла

Ахмет Халпе Ғұбайдолла (1873, Жаңақала ауданы 1951, сонында) — ағартушы, діни қайраткер, ауыз әдебиеті мұраларын жинаушы. Ауыл молдасынан сауат ашып, кейін Жаңақаладағы Байғұл медресесінде, 1890-жылдары Ордадағы 2 кластық қазақша-орысша мектепте білім алған. Бұл мектепті үздік тәмәмдаған оған мемлекет қаржы бөліп, Ресейдің Вятка губерниясындағы Мамонов діни оқуына жібереді. Мұнда ол араб, парсы тілдерін жетік біліп, халпелік дәреже алып шығады. Отыз жыл бойы мұғалім болып, халықтың әдеби мұрасын жинаумен айналысады. 20 ғасырдың бас кезінде Батыс Қазақстан аймағындағы қазақ зиялылары С.Меңдешев, Ғұмар Қараш, Х.Досмұхамедов, Н.Мамаев, А.Құдайбергенов, Ғ.Байғұловтармен бірге қызмет істеп, достық қарым-қатынаста болған. Қазақ мектептерін ашу жұмыстарына атсалысқан. 1937 ж. саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жұмыстан қуылып, жоқшылыққа душар болған. 1946 ж. араб, парсы тілдерін жетік білетін Ахметке академик Қ.Сәтбаев шығыс әдебиеті мұраларын аудару жөнінде тапсырма берген. 1951 ж. дүние салған ағартушының үйінен мұғалім Фарид Ғатауов кептеген аудармаларының қолжазбасын тауып, 1957 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының кітапханасының қорына тапсырды.[1]

Пайдаланған әдебиттер

<references>

  1. Батыс Қазақстан облысы. Эндиклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!