Ахмат әл-Испиджаби (10 ғасыр, Сайрам — 1087)- Ғұламаның толық аты жөні Ахмет бин Мансұр аз-Зафарми әл-Худжанди әл-Исфиджаби-көне түркі ғалымы.
Ходжент қаласында ғұмыр кешкен. Өмірі, қызметі жайлы толық мәлімет жоқ. Біздің заманымызға Ахмет әл-Исфиджабидің мысырлық Ахмад бин Салама әл-Аздийдің (кейде Әбу Жағфар ат-Тахауи, 853 — 933) “әл-Мухтасар” (“Қысқартылған жинақ”) атты еңбегіне арнап жазған “әл-Хауи шарх Мухтасар ат-Тахауи” (“Ат-Тахауидің Мухтасарына түсіндірме”) атты шығармасы ғана жеткен. Шығарманың көшірмесі Түркияның Куприли кітапханасында (№ 588) сақтаулы.
Өз аты - Ахмет. Әкесінің ныспысы - Мансұр аз-Зафарми әл-Худжанди. Әл-Исфиджаби - әдеттегідей оның туған жерін білдіреді. Әкесінің ныспысындағы әл-Худжанди деген атауға қарағанда ол Ифиджабқа Ахмет туылғанға дейін ақ көшіп келген сияқты. Сол себепті Сайрамда дүниеге келген Ахмет әкесінің есімінде Худжанди (Худженттік) деген атауды қоса көрсетуді ұмытпаған.[1]
Ахмет араб тілі мен әдебиеті, пәлсапасы мен логикасы және дін ғылымы бойынша жақсы білім алған. Бірақ, өкініше орай, қолымызда оның араб елдерінде болып, білімін молықтырғаны немесе өмірі мен қызметі жайлы деректер жоқтың қасы. Біздің заманымызға Сайрамдық ғұламаның ән-Нұғман Әбу Ханифа (699-767) мазһабы көрнекті өкілдерінің бірі, мысырлық мұсылман заңның білгірі Ахмад бин Салама әл-Аздийдің (көбінесе Әбу Джағвар ат-Тахауи (853-933) деген атпен белгілі болған) «Әл-Мұхтасар» («Қысқартылған жинақ») атты еңбегіне жазған түсіндірмесі ғана жеткен. Жерлесіміздің шығармасы «әл-Хауи шарх Мұхтасар ат-Тахауи» «Ат-Тахауидің «Мұхтасарына» жан-жақты түсініктеме» деп аталады. Түркияның Куприли кітапханасында Ахмет әл-Исфиджаби 1087 жылы қайтыс болған деп көрсетілген.[2][3]
Дереккөздер
- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
- ↑ Дербісәлиев Ә., Қазақ даласының жұлдыздары, А., 1995.
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том