Асқын өткізгіш

Асқын өткізгіштер температурасын белгілі бір алмағайып (кризистік) температурадан (Ta) төмен температураға салқындатқанда (суытқанда) электр кедергісі нөлге дейін жетіп асқын өткізгіштігі байқалатын заттар. Cu, Ag, Au, Pt, сілтілі (Lі, Na, K т. б.), сілтілі-жер (Ca, Sr, Ba, Ra) және ферромагниттік (Fe, Co, Nі т. б.) металдардан басқа металдардың көпшілігі А. ө-ге жатады. Sі, Gе, Bі сияқты элементтер үлкен қысыммен салқындату кезінде-ақ А. ө-ге айналады. Асқын өткізгіштік күйге ауысу жүздеген металл қорытпалары мен қосылыстарда және кейбір күшті легирленген шала өткізгіштерде байқалды. Сондай-ақ асқын өткізгіштік қасиеті болатын полимерлер де (Taү0,34 К) ашылды. Барлық белгілі А. ө. үшін Ta мәні сұйық сутек пен сұйық гелий пайда болатын температура аралығында жатады. А. ө-дің қасиетін сипаттайтын тағы бір маңызды параметр — алмағайып магнит өрісінің мәні (Ha). Осы мәннен жоғары болған кезде А. ө. қалыпты (асқын өткізгіш емес) күйге ауысады.Магниттік қасиеті бойынша А. ө.: 1-текті А.ө. және 2-текті А.ө. болып екі топқа ажыратылады. 1-текті А. ө-ге барлық таза металдар (V мен Nb және кейбір қорытпалардан басқасы), ал 2-текті А. ө. тобына көптеген қорытпалар жатады. 2-текті А. ө. ішінен қатаң деп аталатын А. ө. тобы бөлек ажыратылады. Қатаң А. ө. ақаулар құрылымдарының көптігімен (дайындау технологиясына байланысты пайда болатын) ерекшеленеді. Қатаң А. ө-ді асқын өткізгішті магнит орамдарын дайындау кезінде т. б. мақсаттар үшін пайдаланады. Қатаң А. ө-дің морттығы — олардың басты кемшілігі. Өйткені мұндай қасиет сым не таспа (лента) дайындауда үлкен қиындық келтіреді. Әдеб.: Металловедение сверхпроводящих материалов, М., 1969; Физико-химия сверхпроводников, М., 1976.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!