Асқар Меңдіахметұлы Қонаев

Асқар Меңдіахметұлы Қонаев (14.7.1929 жыл, Алматы қаласы – 31.3.1999 жыл, Алматы) – ғалым-металлург, техника ғылымдарының докторы (1970), профессор (1972), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1981), Қаз КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1976).

Өмірбаяны


Ғылыми еңбектері

  • Негізгі ғылыми еңбектері кен өңдеудің физика-химия кешенді технологиясын дамытуға арналған.
  • кремнийге бай сирек кездесетін металл кендері мен фосфориттердің тотығуын және қалпына келуінің жаңа заңдылықтарын тапты;
  • қорғасын өндірісі қалдықтарын электротермиялық жолмен қайта өңдеу әдісін металлургия өнеркәсібіне енгізді (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1972);
  • басқа ғалымдармен бірлесіп, мыс, қорғасын және мырыш алудың КИВЦЭТ-тік технологиясын жасады (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1978);
  • қатарынан фосфор мен кешенді легирлеуші қорытпалар алудың жаңа технологиясын жасады (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы, 1982);
  • өнеркәсіптік көлемде фосфорлы темір кенін өңдеу технологиясын жасап өндіріске енгізді (КСРО Мемлекеттік сыйлығы, 1984).

Жетістіктері

  • 9 – 10-сайлауда КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттары

Дереккөздер

  1. Баспа бас директоры:Әшірбек Көпіш Бәйдібек баба - Алып бәйтерек ұрпақтарының шежіресі. Ысты — Алматы: Издательство Өнер, 2003, 2005. — ISBN 9965-595-60-7.
  2. Қазақ энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!