Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев

Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев
Туған күні

9 қазан 1951 (1951-10-09) (73 жас)

Туған жері

Қарағанды қаласы, Қазақ КСР

Азаматтығы

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы КСРО, ҚазКСР
 Қазақстан

Ғылыми аясы

химия, биологиялық активті заттар

Ғылыми дәрежесі

химия ғылымдарының докторы

Ғылыми атағы

профессор

Альма-матер

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Арыстан Мәуленұлы Ғазалиев (9 қазан 1951, Қарағанды қаласы) — химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003).

Қазақ мемлекеттік университетін (1973, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Қызмет жолы

1977–1981 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, 1981–1985 ж. Қарағанды кооперативтік институтының доценті, 1985–1996 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтының ғылыми хатшысы, лаборатория меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, 1996–1998 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің проректоры болды.

1998–2004 ж. Органикалық синтез және көмір химиясы институтыты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары.

2004 жылдан Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі акададемик-хатшысының орынбасары, Қарағанды техникалық университетінің ректоры.

Зерттеулері

Ғазалиевтің негізгі ғылыми-зерттеулері жаңа биологиялық активті заттарды жасауға арналған.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтемелер


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!