Анна Иоанновна (1693 — 1740) — Ресей патшасы (1730—40), І Петрдің немере қарындасы.
Оның патшалығы тұсында дворяндардың құқықтары кеңейтілді (1730, 1731, 1736 жылдардағы жарлықтар). Сыртқы және ішкі саясатта А. Иоаннқызының сүйіктісі жат жұрттық Э. И. Бирон үлкен рөл атқарды. Ресей 1733 — 34 ж. «поляк мұрагерлігі» үшін болған соғысқа, 1735—39 ж. орыс-түрік соғысына қатысты, Қырым хандығын жаулап алды (1736 — 38). А. И. кезінде Әбілқайыр хан Ресейдің қол астына енді (алғашқы ант 1731 ж., екіншісі 1738 ж. қабылданды). Қазақстанда Ресей империясының отарлау саясатын кезінде А. И. Тевкелев, И. К. Кириллов, В. Н. Татищевтер белсене жүргізді[1].
Дереккөздер
↑Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б. Ө. Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. — 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!