Андрей Иванович Безсонов (27.4.1875, Төменгі Новгород – 26.2.1962, Алматы) – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (1936), профессор (1926). Қазақ КСР ғылым академиясының корр. мүшесі (1946), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945).
Санкт-Петербург ун-тін бітірген (1898). 1921–1938 ж. Ресейде (Мәскеу, Самара, Башқортостан) ғылыми-зертхана және пед. жұмыстарда болды. 1938–1951 ж. КСРО ҒА Топырақтану ин-тының Қазақ бөлімшесінде сектор меңгерушісі, Қазақстан ғылым академиясының Топырақтану ин-тында директордың ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. Негізгі еңбектері топырақтану мәселелеріне арналған. Орт. Қазақстан, Ертіс аймағы, Сырдария, Тянь-Шань, Алтай аймақтарының топырақ жамылғысын зерттеуге қатысты.
Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы бір шың мен мұздық Б. есімімен аталған.
«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған.[1]
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!