Анатолий Калистратович Росляков (24.4.1907, қазіргі Самара облысы Бузулук ауданы Сергеевка с. – 29.9.1979, Алматы қ.) – биол. ғыл. докт. (1951), проф. (1953), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1951), Қазақ а. ш. ғыл. академиясының акад. (1960), Қазақ КСР-інің еңбек сің. ғыл. қайраткері (1961). Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тын (1932, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті) бітірген. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ндағы Ветеринарлық
ин-тта аспирант, ассистент, доцент (1932–38), Кеңес Армиясының әскери-ветеринарлық академиясында оқытушы, бастықтың орынбасары (1938–48), Қазақстан ғылым академиясының Эксперименттік биол. ин-тында бөлім меңгерушісі, ин-т директорының ғыл. жұмыстар жөніндегі орынбасары (1948–55), Алматы зоотех.-малдәрігерлік ин-тында кафедра меңгерушісі (1952–79) қызметтерін атқарған. 1950 ж. «Остеомаляция лошадей и ее профилактика» деген тақырыпта докт. дисс. қорғаған. Оның негізгі ғыл. еңбектері мал азықтандыру және жемшөп технологиясы мәселелеріне арналған. Халықтар достығы, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.