Алғашқы рет 930 ж. Тингвадлаватн көлінің солтүстік жағасындағы Þingvellir деген жерде жиналған. Бастапқы кезде 2-3 жылда бір жиналатын. Исландияның әр ер азаматы Альтингта өз пікірін айтуға құқығы бар тұғын.
1000 ж. альтингқа қатысқан көпшілік христиандық дін қабылдауға дауыс берген.
1800 ж.Дания үкіметі Альтингті жойды (Исландия 14 ғ-дың аяғынан былай Данияның қол астында болды).
1843 жылдан бері Альтинг қайта шақырылатын болып, бірте-бірте буржуазиялық парламентке айналды.
1920 ж. конституция бойынша Альтингке заң шығару және үкіметтің қызметіне бақылау жасау билігі берілді.
Қазіргі заманда (1991 жылдан бері) Альтинг - 6 сайлаулық аймақтан 63 депутат сайланған бір палаталық парламент. 2009 жылдан бері альтинг төрағасы — Эйнар Кристин Гудфинсон (Тәуелсіздік партиясынан депутат).
Дереккөздер
“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!