Алексей Григорьевич Рау

Рау Алексей Григорьевич[1] (15.4.1938 ж. т., Украина) — а.ш. ғыл. докт. (1990), проф. (1992). Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының акад. (2003). [Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтын бітірген (1966). 1966 — 73 ж. осы ин-тта пед. қызметте, 1973 — 95 ж. Қазақ су шаруашылығы ғыл.-зерт. ин-тында, 1996 — 2002 ж. ҚР ұлттық агр. зерттеулер академ. орт-нда (НАЦАИ) қызмет атқарды. 2002 жылдан Қазақ ұлттық агр. ун-тінде басшылық қызметте. Ол топырақты сүзу процесін, суландырылған жер топырағының сулы-тұзды режимін, суландыру режимін және а. ш. дақылдарын суғару технологиясын теор. және іс жүзінде зерттеп, Қызылқұм суландыру жүйесін кәріздеу мен суландыру параметрлерін жетілдірді; а. ш. дақылдарының өнімділігін арттыруға пайдаланылатын суды 20%-ға дейін үнемдеп, суландырылатын жүйенің экологиясын жақсартуға арналған жаңа құралымдар жасады. Р. 100-ден аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. Өндіріске 10 ұсыныс енгізген. “Ауыл шаруашылығы өндірістеріне агроэкол. тәсілдер енгізу және қоршаған ортаны қорғау”, “Су ресурстарын пайдалану технологиясы және жаңа экономикалық жағдайларда су құрылыстарын пайдалану”, т.б. респ. ғыл. бағдарламаларға басшылық жасады.

Дереккөздер

  1. Қазақша энциклопедия 7 том.

Толықтыру


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!