өзі ұйымдастырған Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия институтының (қазіргі Хирургия ғылыми орталығы, Сызғановтың атымен аталады) директоры
1975 жылдан өмірінің соңына дейін
Қазақ клиникасы және эксперименттік хирургия институтының ғылыми кеңесшісі болды
Жетістіктер
Негізгі ғылыми-зерттеулері жалпы, жеке және операциялық хирургия мәселелеріне арналған. Сызғанов лимфа жүйесі туберкулезін, жүрек-қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту жүйелері ауруларын, эндеметрия бұғақ ауруын хирургиялық жолмен емдеу әдістерін тауып, оларды күнделікті дәрігерлік тәжірибеге енгізді; онкологиялық, бұғақ ауруының ісінуін емдейтін арнайы хирургиялық орталықтар құрды. Оның басшылығымен Қазақстанда хирург-клиниктер ғылыми мектебінің іргесі қаланды, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде респуликалық қан құю станциясы ұйымдастырылып, қан орнына қолдананылатын – КЗК сұйықтығы алынды.
Сызғановтың редакциясымен Хирургия орталығының 16 томдық ғылыми еңбегі жарық көрді. 10 монография, 900-ден астам ғылыми еңбек жазған. Оның жетекшілігімен 17 доктор және 73 кандидаттық диссертация қорғалды. 3 Ленин, 2 Еңбек Қызыл Ту, 2 “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында бір көше Сызғанов атымен аталады. Қазақ ұлттық медицина университетінде Сызғанов атындағы стипендия тағайындалған.
Шығармалар
О некоторых условиях развития злокачественных опухолей, А.-А., 1970;