Александр Васильевич Бричкин (2.11.1900, Ресей, Рязань губерниясы Михайлов қаласы — 5.2.1971, Алматы) — ғалым, техника ғылымдарының докторы (1941), проффессор (1942), Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1946), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1968). Томск технологиялық институтын бітірген (1924).
1924 — 41 жылы Ресейдің әр түрлі өндіріс орындары мен жоғары оқу орындарында қызмет етті.
1941 — 71 жылы Қазақ кен-металлургия институтында (қазіргі ҚазҰТУ) кафедра меңгерушісі болды.
Негізгі ғылыми еңбектері қопару ұңғымаларын термиялық әдіспен бұрғылауға, қатты тау жыныстары мен темір-бетон бұйымдарын отпен кесіп өңдеуге арналған. 35 өнертабыстың авторы. Екі рет Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдермен марапатталған.[1]
Сілтемелер
1. «Бричкин Александр Васильевич »
2. «Бричкин А. В.»
3. "В годы суровых испытаний (1941-1945 жж.)" Мұрағатталған 2 сәуірдің 2015 жылы.
Дереккөздер
- ↑ “Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том