Аксон (гр.axon — білік, ось) — цитоплазмасындапротеин түзуші органеллалары болмайтын нейроциттің жіп тәрізді ұзын өсіндісі; нейрит жүйке импульстарын бір жасушаның денесінен және дендриттерден келесі нейрон мен ағзаларға өткізетін нейронның ұзарған(1 м дейін) цитоплазмалық өсіндісі.
Аксонның диаметрі бүкіл ұзынша бойында тұрақты және қалындағы нейрон денесінің көлеміне және оның атқаратын әрекетіне байланысты. Аксонның алдыңғы сегменті аксон төмпешігі өте сезімтал және осы жерде жүйке импульстары пайда болады. Аксонның нейрондармен бұлшық еттермен және безді жасушалармен қосылған жерлерінде синапстар пайда болады. Аксондардың буда болып қосылуының арқасында жүйке талшықтарын қалыптастырады.[1]
Аксон жүйке толқынын нейроцит денесінен, яғни перикарионынан (нейроциттің ядро орналасқан бөлігі) басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелер жасушаларына өткізеді. Аксонды "нейрит" деп те атайды.[2]
Дереккөздер
↑Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
↑Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9