Айтмухамед Абдоллаұлы Абдулин (29. 11. 1924 ж., Улытау ауылы, Петропавлов уезі, Акмола губерниясы, Қырғыз АКСР, РКФСР – 12 маусым 2010, Алматы) ) – қазақ совет геологы. Геология-минералогия ғылымының докторы (1971), профессор (1973), Қазақстан ҒА академигі (1979).
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында қызмет істеді (1960 – 61). Қазақ ССР ғылым академиясының геология ғылымдар институтында ғылыми секретарь болды. (1961 – 64); 1964 жылдан институт директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. Мұғалжар комплексті энциклопедиясының басшысы (1970).
Халықаралық Инженер Академиясының және ҚР Ұлттық Инженер академиясының академигі, Башқортстан Республикасының ғылым академиясының құрметті академигі, Оңтүстік Каролина Университетінің (АҚШ) профессоры, Тараз, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттерінің құрметті профессоры, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің профессоры[1].
Бірнеше кен белгілерін ашты; көптеген ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде
- «Орталық Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігінің турмалиндік формацияларының геологиясы» (1961),
- «Мұғалжардың геологиясы» (1970) деген монографиялары бар.[2]
Дереккөздер