Абай даңғылы (Алматы)
Абай даңғылындағы Абай ескерткіші
Абай даңғылы — Алматы қаласының Әуезов , Бостандық , Медеу , Алмалы аудандарында орналасқан даңғыл. Даңғыл — шығыстан батысқа қарай, Достық даңғылынан Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта созылып жатқан қаланың басты магистральдарының бірі.
Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі, екі бағыттың ортасын ағаш, гүл, газон көмкерген алаңқай бөліп жатыр. Даңғылдың ұзындығы - 9400 метр.
Абай даңғылы бойында республикадағы ең ірі кітапхана — Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасы орналасқан.[ 1]
Атауы
Даңғылға қазақтың ұлы ақыны, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының есімі берілген[ 2] .
Бұрынғы атаулары: Арычная көшесі, Мичурин көшесі.
Қиылысатын көшелері
Достық ,
Уәлиханов ,
Фурманов ,
Байсейітова ,
Желтоқсан ,
Наурызбай батыр ,
Сейфуллин ,
Масанчи ,
Байтұрсынұлы ,
Байзақов ,
Жандосов ,
Абылай хан ,
Әуезов ,
Манас ,
Жароков ,
Айманов ,
Гагарин ,
Розыбакиев ,
Тұрғыт Өзал ,
Түркебаев ,
Өтеген батыр ,
Алтынсарин ,
Саин ,
Момышұлы
Даңғыл бойында
Республика сарайы (1970 жылы Сәулетшілер: В.Ю.Алле, В.Н.Ким, Ю.Г.Ратушный , Н.И.Рипинский, Л.Л.Ухоботов );
Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы - (1966 жылы Сәулетшілер: В.Кацев , О.Наумова);
Орталық стадион - (1955-1967 жылдары, сәулетшілер: А.Қ.Қапанов , А.Я.Косов);
Неке сарайы . (1971 жылы Сәулетшілер: A.Леппик, М.Меңдіқұлов );
Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театры (1969 жылы Сәулетшілер: B,П.Давыденко, Г.П.Горлышков);
Қазақ мемлекеттік циркі (1972 жылы Сәулетші: В.З.Кацев );
М.О.Әуезов атындағы қазақ драма театры (1980 жылы Сәулетшілер: О.Ж.Баймырзаев , М.Ф.Жақсылықов , А.С.Қайнарбаев ) орналасқан.
Оқу орындар
ҚМЭБИ (КИМЭП) - Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты. (1978 жылы Сәулетшілер: Б.Воронин, Ким-Досен, Д.Мельников);
Қазақ Аграрлық университеті (1934 жылы Сәулетші: В.Бирюкова),
Халықаралық бизнес академиясы ,
Қазақ спорт және туризм академиясы ,
С.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институты.
Ескерткіштер
Абай ескерткіші (Мүсіншісі: Хакімжан Исмаханұлы Наурызбаев , 1960 жыл),
Мұқан Төлебаев ескерткіші,
Мұхтар Әуезов ескерткіші . (Мүсіншісы: Ескен Аманжолұлы Сіргебаев , 1980 жыл).
Спортшы қыз бен жігіттің ескерткіші (1967 жылы)[ 1]
Дереккөздер
↑ a b Алматы көшелері. Анықтамалық энциклопедия. – Алматы: «ИП Волошин» баспасы, 2009. ISBN 978-601-7157-18-0
↑ Алматы атқару комитетінің 23.02. 1955 жылы №8 шешімі бойынша