1978-1987 - осы институтта бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
1988 жылдан өмірінің соңына дейін ҒА Төралқасының кеңесшісі болды.
Еңбегі
Кеңесбаев – қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясына, лексикографиясы мен этимологиясына, тіл тарихы мен туыс тілдердің бір-бірімен қарым-қатынасына арналған көптеген іргелі еңбектердің авторы. Қазақ тілінің фонетикасы мен фразеологиясының зерттелуі Кеңесбаевтың есімімен байланысты. Қазақ мектептерінің бірнеше толқын түлектері Кеңесбаев жазған оқулықтармен сауат ашты, ана тілінің ғылыми жүйесімен танысты. Ғалымның қазақ тілі фонетикасы мен лексикологиясын талдаған ғылыми монографиялары жоғары оқу орындарында негізгі оқулықтардың бірі ретінде күні бүгінге дейін қолданылуда. Көп жылғы зерттеулерінің нәтижесінде Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» жарық көрді (1977, Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығы, 1978). Кеңесбаевтың басшылығымен «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (2 томдық, 1959, 1961) және «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1961), екі томдық «Орысша-қазақша сөздік» (1978, 1981) жарыққа шықты. Кеңесбаев бірнеше рет дүниежүзілік түркітанушылар симпозиумдарына қатысып, ғылыми баяндамалар жасады. Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
Шығармалары:
Қазақ тілі грамматикасы, А., 1939;
Қазіргі қазақ тілі. Лексика, Фонетика, А., 1962;
Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, А., 1977;
Қазақ тіл білімі туралы зерттеулер, А., 1977.[2][3]
Дереккөздер
Балақаев М.Б., О тюркологических исследованиях С.К. Кенесбаева, в сб.: Исследования по тюркологии, А.-А., 1963;
Сарыбаев Ш., Смет Кенесбаевич Кенесбаев, «Народы Азии и Африки», 1967.