Ізтелеу Әбуғалиев(16.12. 1930, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 27.10.2004, Алматы) – ауыл шаруашылығының ғылымдарының докторы (1976), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1984), профессор (1988), Қазақстан Ғылым Академиясының акадеимигі (1994).
Өмірбаяны
Ғылыми жұмысы
1975 жылы «Қант қызылшасының тұқымын өсіруге және оның селекциясына, аймақтық егіншілік жүйесі» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылымына жаңа бағыттарды – қант қызылшасының селекциясын, биотехнологияны, сорттық агротехниканы, өсімдік генофондын, биометрияны, т.б. енгізді; ауыл шаруашылық дақылдарының (қант қызылшасының, жүгерінің, күздік бидайдың) жаңа сорттарын шығарды. Оның суғарылатын, суғарылмайтын, тәлімі, таулы жерлерде егіс жүйелерін жасауға және ауыл шаруашылықтын дақылдарын өсіру технологиясын жақсартуға арналған ғылыми ұсыныстары мен әдістемелері ауыл шаруашылық өндірісіне енгізілді. Әбуғалиев 260-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 10 авторлық куәліктер мен патенттердің иегері.
Шығармалары
- Технология производства и заготовка кормов на пашне, А., 1987;
- Безвысадочный способ семеноводства сахарной свеклы, А., 1992;
- Поле степного Приуралья, А., 1993.
Марапаттары
- 2 рет Еңбек Қызыл Ту ордені
- «Құрмет Белгісі» ордені
- медальдармен марапатталған.[1]
Дереккөздер